Телефильм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Телефильм – теледидарлық хабар желісінде көрсету үшін (теледидардың техникалық мүмкіндігін және теледидар экранынан қабылдау ерекшелігін ескере отырып) дайындалған арнаулы фильм. Телефильм ұғымына көбіне кино түсіру аппараты мен кинопленкаға түсірілген фильмдер жатқызылады. Қазіргі кезде бұл ұғыммен магниттік видеофонограмма да байланыстырылады. Мұнда кескін мен дыбыс видеомагнитофонның көмегімен магниттік лентаға жазылады. Телефильм жасау кезінде теледидар экранының бұрыштық өлшемі киноэкранға қарағанда кішірек болатындағыығы ескеріледі. Сондықтан телефильм кинофильмдерден өзінің көркемдігі жөнінен ерекшелеу (ұсақ детальдарының аз болуы, т.б.) болып келеді. Телефильм көбіне көп сериялы және толық метражды фильмдер болып дайындалады. Телефильм 35 мм және 16 мм-лік кинопленкаға түсіріледі. Телефильм түсіруде кескінді магниттік лентадан кинопленкаға көшіру тәсілі де (не керісінше) қолданылады. [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том