Офшор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
әлемдегі Офшорлық финанс орталықтары

Офшор (ағыл. offshore = "outside of the shore"— "жағалаудан тысқары", "шекара асу") — мәлім қаражаттың иелігі мәлім елдің шекарасы ішінде болғанымен, сол елдің финансына қатысы жоқ (жасырынған, көлеңкедегі, қаржылық қитұрқылықты пайдаланған), сол елдің финанс заңдары мен тәртіптеріне бағынбайтын басқа бір өңірде финанстық әрекет етуі. Офшорға жол берген өңірлер шетелдік капитал мен компанияға өте еркін көсілу мүмкіндігін береді, төмен, тіпті нөлдік салық, мемлекеттің басқаруына ұшырамайтын бизнес еркіндігі, бизнесін жасыру мен келуі белгісіз қаражаттарды жекешелендіру секілді артықшылықтар береді. Сондықтан ол экономикалық қылмыспен, коррупциямен байланысып жатады. Жемқорлық, қаржы алаяқтығы, мемлекет ақшасын жылыстату, салықтан жалтару дегендерге ол толық мүмкіндік жасап береді.

Офшор әдетте салықтан жалтарудың, арзан салық іздеудің ыңғайлы және танымал түрі ретінде айтылады. Бірақ қазіргі негізгі мағынасы мемлекет қазынасын шетел асырып, офшорлық аймақта оны жуып заңдастырып, ұрлықты жасырып кетуге қаратылады. Офшорлық аймақтар шетелдік азаматтарға тиесілі компанияларды аздап немесе толықтай салықтан босату арқылы олардың заңсыз тапқан ақшасын жасыруы мен заңдастыруына мүмкіндік жасайды. Өйткені ол ақшасы барлардың ақшасы қайдан келгенін, қалай жұмсалып жатқанын, қандай компания құрылғанын, оның немен айналысқанын тесермейді. Сондықтан қылмыстық мағынадағы ақшалар офшорлық аймақты жағалайды.

Ұғымның тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Офшор» ұғымы алғашқы рет АҚШ-тың шығыс жағалауында XX ғасырдың 50-ші жылдарында пайда болды. Онда үкімет бақылауынан географиялық таңдау арқылы қашқан қаржылық ұйымдар айтылады. Біртіндеп бұл ұғым жемқорлардың мемлекет қазынасындағы ақшаны түрлі алаяқтық жолдармен офшорлық қаржы орталықтарына (offshore financial centre) жеткізіп, сол жерде ақшаның әуелгі келу қайнарын ұмыттырып, заңды ақша ретінде пайдалануға қол жеткізуіне қаратылады.

Әйгілі офшорлық қаржы орталықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ақшаны жылыстатумен күресетін қаржы ұжымымен (FATF, Financial Action Task Force on Money Laundering) әріптестестік байланыста емес елдер кіретін офшорлардың қара тізімі де бар. Бұл елдермен келісімшарттарды көп мемлекеттер аса үлкен бақылауда ұстайды. Олардың бастылары:

Офшордың сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бизнес үшін офшорлық қаржы орталықтары тиімді мүмкіндікпен қамдауы мүмкін. Салықтың азаюы немесе мүлдем болмауы компанияның офшорға тіркелуі үшін маңызды фактор болып табылады. Дегенмен, офшор ел қаражатының шетелге ағуына жол ашып қана қоймайды, заңсыз ақшалар мен жемқорлық ақшаларының шетелде заңдасып, қылмыстан жалтарып кетуге жол ашады. Сондықтан офшорлық аймақтар финанстық қылмыстардың шоғырланған өңірі есептеледі.

Офшорда кәсіпорын тіркетушілердің есепшотындағы қаражаттың заңсыз пайда болуы жайлы тікелей дәлелдер болмаса немесе олардың мемлекеттік құзыреті, ресурстарды пайдаланумен нақты, тіке байланысы болмаса, онда мұндай капиталды қолдану жеке мүлік ұстанымымен және нарық экономикасының заңымен кепілдендірілген. Оның үстіне, бірқатар жағдайда бизнестегі заңнамалық нормалар мен ережелер офшор құзыреті арқылы жұмыс істеуді қарастырады. Демек, офшор иелері міндетті түрде заңды белшесінен аттады деуге болмайды. Алайда, шенеуніктердің әлем бойынша мемлекеттік компаниялардан қаражат алып, оны өз қалтасына салуы, солайша әділ емес әрі бизнеске дым қатысы жоқ әрекетттер жасауы қылмыс есептеледі.[1]

Қазір офшор ұғымы негізінен жалған компания құрып, өтірік ақша аударып, өтірік қарыз беріп, ұрланған ақшаны жуумен және салықтан жалтарумен айналысу ошағы ретінде қарастырылады. Сарапшылардың пікірі бойынша "офшорлық жалған компаниялар арқылы қаржы жымқыру демократиялық емес режимдердегі коррупцияның негізгі формасы" есептеледі.

Мысалы мынадай болуы мүмкін. Биліктегі әлдекім офшорлық аймақтан жалған компания ашады. Сосын мемлекеттік банктегі әлдекіммен сыбайласып, жаңағы компанияға ақша аударады. Ол аты бар да, заты жоқ компания болғандықтан жасанды қарыз алу жүйесі бойынша оған түскен ақша жаңағылардың ол ақшаны жеке бөлісіп алуы болады. [2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Өңделіп пайдаланылды: https://kaz.tengrinews.kz/naryk/parlamenttegler-kazakstandyiktardyin-daulyi-ofshorlar-tzmnde-269627/
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2