Каир

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Каир
араб.: القاهرةҮлгі:Lang-cop
Ту
Ту
Әкімшілігі
Ел

 Мысыр

Статусы

Астана

Мухафаза

Каир

Мэр

Атеф Абд аль Хамид

Тарихы мен географиясы
Координаттары

30°03′22″ с. е. 31°14′22″ ш. б. / 30.05611° с. е. 31.23944° ш. б. / 30.05611; 31.23944 (G) (O) (Я)Координаттар: 30°03′22″ с. е. 31°14′22″ ш. б. / 30.05611° с. е. 31.23944° ш. б. / 30.05611; 31.23944 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

969

Алғашқы дерек

969

Бұрынғы атаулары

Мысыр Бабылы, Фустат

Жер аумағы

606 км²

Орталығының биiктігі

68 м

Уақыт белдеуі

UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

9 717 324[1] адам (2018)

Тығыздығы

3150 адам/км²

Агломерация

20 577 113[2]

Ұлттық құрамы

мысырлықтар

Этнохороним

каирлық, каирлықтар

Ресми тілі

Мысырлық араб тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+202

Пошта индекстері

11511 - 11668

cairo.gov.eg  (ар.)

Каир картада
Каир
Каир

Каир (араб.: القاهرة‎ әл-Қāhираһ) — Мысырдың астанасы. Каир халқының саны жағынан әлемдегі Мехикодан кейінгі екінші орын алады. Қаланың кейбір аудандарында тұрғындардың тығыздылығы соншалық, бір мың шаршы км. 120.000 адам келеді. Мысыр 6 мың жыл бойы біртұтас мемлекет ретінде сақталып келе жатқан жалғыз ел. Бүкіл халқы Нілдің екі жағына орналасқан 9 миллион 849 адам тұрады. Бір Каирдің өзінде 500–ден астам мешіт бар. Ең кереметтері – Ибн-Тулун мен Султан Хасанның мешіттері, оның ұзындығы 140 метр, ені 75 метр, мұналарының биіктігі 86 метрге жетеді. Көлемі жағынан екінші мешіт – Бейбарыстың мешіті. Түбі күрдтен шыққан бірінші сұлтан Салах Әд-Диннің мешітінің зәулім күмбездері мен мұнаралары Каирдің мақтанышына айналған. Мешіттің атшаптырым алаңында атақты Жүсіп құдығы қазылған. Оның тереңдігі – 88 метр Шыңырауға қанша қарасаңда түбіндегі суды көре алмайсың. Сондықтан да бұл ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне алынған.

Каирдың оңтүстік-шығыс көрінісі

Әл-Азхар (гүлге оранған) мешіті Каир мен құрдас. Бірнеше ғасырдан бері осында мұсылман университеті ұйымдастырылған. Мұсылман әлемінің барлық түкпірінен 9000 мың студент дәріс алады екен. Бүгінде бұл дәріс сақталған, профессорлар,белгілі ұстаздар Х ғасырдағыдай дін сабағын береді. Каирға барған туристке міндетті түрде көрсететін жердің бірі Цитадель. Ол Мұхамед Әлидің ұясы деп те аталады. Ірге тасы 1176 жылы қаланған. Мәмлүк сұлтандарының үш ғасыр бойғы резиденциясы осы. Бейбарыс бабамыздың Мысыр елін он жеті жыл билеген тұсындағы сарайы да осы Цитадель. Бәрінен де таң қалдыратыны – Каирдің «Өлі қаласы». Бүл әлемдегі ең үлкен некрополь. Онда 15 ғасырда жерленген бейіттер бар. Үй алуға ақшасы жоқтар талай заманан бері мазарларды мекен етіп келеді. Кәдімгі мазардың төбесін жабады да, ішін бөліп үй жасап алады. Қазірдің өзінде, онда миллионнан астам адам тұрады.

Әлемдегі жеті кереметтің мына заманға аман жеткені жалғыз ғана Мысыр пирамидалары. Хеопис б.д.д. 50 жылы тұрғызылып біткен. Міне бес мың жылдан бері ашық аспан аясында, күннің астында, желдің өтінде тұрған бұл құдірет, шынында да, қайран қалдырады, таңдантады, тебірентеді. Әлемге белгілі Әл Халил базары да осында. Ол «Алтын базар» деген атпен белгілі. Бұдан 700 жыл бұрын салынған сауда орнынан адамның жанынан басқаның бәрі табылады. Жүздеген метрге созылатын 12 үлкен бөлектен тұрады.

Каир қаласы ең жас ислам дінінің орталығы. Мінәжат етуге шақырылған дауыс радиодан естілгенде осынау тыным таппастай көрінетін қаланың өмірі аз уақытқа тоқтап қалады. Жүргізушілер, шаштараздар, даяшылар, сатушылар бәрі де жұмысын жиып қойып,жайнасазын төсейдіде намазға осылай күніге бес рет жығылады.[3][4]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. The population development in Al-Qāhirah as well as related information and services.
  2. The population of the districts of Greater Cairo according to census results and latest official estimates.
  3. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том