Алвис Бирковс

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Алвис Бирковс (латыш. Alvis Birkovs) – совет және латыш режиссері әрі актер.

Биографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алвис Бирковс 1950 жылы 30 наурызда Ригада дүниеге келеді. 1968 жылы №49 Рига орта мектебін тәмамдайды. 1979 жылы Я. Витола атындағы Латвия мемлекеттік консерваториясы, режиссерлік бөлімі,театр факультетін тәмамдап шығады. 1977-1989 жылдары Латвия КСР-і мемлекеттік жас көрермендер театрында режиссер ассистенті, режиссер және актерлік қызмет атқарады. Рига Жастар театрында режиссер болып, Рига Торня театрында актерлік шеберліктен сабақ береді. Ұлыбритания және АҚШ-тың драма студиясы қойылымдарына режиссер ретінде шақырылады. Шотландияда жеке актерлік мектебінде сабақ береді. 1985 жылы режиссер Арвид Криевстің «Малиновое вино» детективті лентасында басты рөлді сомдайды. 1983 жылы Латвия театр жұмысшылары қауымдастығының мшесі болады.

Фильмографиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1978 — Обвиняемый — Браун
  • 1985 — Малиновое вино — Гиртс Рандерс
  • 2008 — Любитель

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Aleksandrs Busse. — Rīga : Preses nams, 1999-. — (Latvija un latvieši). 1.sēj. A-J. — 1999. — 462б. ISBN 9984-00-331-0 (латыш.)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]