Дайындама

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дайындамаөндіріс барысында әлі өңделетін, толық дайын емес өнім немесе оның бір бөлігі (шала өнім).[1]

Дайындама — бұл пішінін, өлшемін, беткі жағын немесе материалдың физика-химиялық қасиетін өзгертіп, тетік жасалатын еңбек заты. Қалыптанған дайындамалар соғылма және құйма практикада кеңінен қолданады.[2]

Дайындама түрлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бастапқы дайындама — қысыммен өңдегенде қолданылатын дайындама.

Болат дайындама (Заготовка стальная) — құрамында көміртек (2%-ке дейін) және басқа элементтер болатын темір қорытпадан тұратын дайындама.

Иленген дайындама (Заготовка катанная) — айналатын біліктің арасында илемді деформацияланған дайындама.

Ыссы иленген дайындама (Заготовка горячекатанная) — металды қыздырып, илемдегеннен кейін алынған илем.

Соғылған дайындама (Заготовка кованная) — екі тоқпақтың арасында илемді деформацияланған дайындама.

Баспаланған дайындама (Заготовка прессованная) — контейнер, сотан, ұяқалыптан тұратын жабдықта металды тура, кері, қосарлана ағызып жасалатын дайындама.

Жазық дайындама (Заготовка плоская) — илемделген қаңылтырдан мөлшерленіп кесілген дайындама.

Тілімді дайындама (Заготовка полосовая) — қаңылтырлы металды параллельді, еңкішті, дисклі пышақтарда кесіп алатын дайындама.

Мөлшерлі дайындама (Заготовка мерная) — илемделген немесе баспаланған шала өнімнен мөлшерленіп кесілген дайындама.

Есептелген дайындама (Заготовка расчетная) — ұзындығы соғылманың ұзындығына тең, ал айналмалы диаметрі және көлденең қимасының ауданы соғылманың сәйкесті көлденең қимасының ауданымен екі жақты кенерігінің (облай) қосындысына тең айналу денесі.

Құйма дайындама (Заготовка литая) — кристалдану процесінің нәтижесінде сауытқорамда қатайған, құрылымы діңгекті (дендриттен) және тепетең өсінді кристалдан тұратын дайындама.

Үздіксіз құйылған дайындама (Заготовка непрерыволитая) — балқыту шөмішінен, аралық шөміштен, кристалданушыдан, тартушы анашадан тұратын үздіксіз құю машинасында алынған дайындама.

Үзік-үзік құйымды дайындама (Заготовка прерывистого литья) — сауыт қорамға сұйық металды мөлшермен құйып алатын құймесек

Ұсталық дайындама (Заготовка кузнечная) — соғуда қолданылатын дайындама.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Энциклопедиясы”, V-том
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6