Мұрагерлік құқық

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Мұрагерлік құқық - азаматтық құқық саласының ерекше бөлімінің институы болып табылады, қайтыс болған адамның құқығы мен міндеттерінің мұрагерлік құқық бойынша өту тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Мұра

1. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы токтамайтын құқықтары мен

міндеттері кіреді.

2. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
  • 1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
  • 2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;
  • 3) алименттік міндеттемелерден туындайтын кұкықтар мен міндеггер;
  • 4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы зан актілерінін негізінде басқа да төлемдер төлеу кұқығы;
  • 5) мүліктік құкыктармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
3. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және

қорғауы мүмкін.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6